Депутаттар жиналысы өтті

Депутаттар жиналысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтті. Күн тәртібі - өңір әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру.

Кандидаттарды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов таныстырды.

Кандидаттар Руслан Аңбаев пен Айдарбек Сапаров сайланған жағдайда алдағы қызметі туралы бағдарламамен сөз сөйледі.

 Келісім беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес жүргізілді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 153 депутаттың 118-і Айдарбек Сапаровтың кандидатурасын келісуге дауыс берді, 35 депутат Руслан Аңбаевқа дауыс берді.

Есеп комиссиясының шешімі бойынша рәсім ашық дауыс беру арқылы өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты