Құрылыс қарқыны өскен

Құрылыс қарқыны өскен

Облыстық мәслихат депутаттары құрылыс саласы бойынша өткізілген инвестициялық турға қатысты. Жиынды облыс әкімі Құмар Ақсақалов ашты.  Өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, құрылыс саласына мамандарды даярлау барысы туралы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің директоры Ағыбай Көшімбаев сөз сөйледі. 2013 жылдан бастап құрылыс нарығында жұмыс істейтін өңірдің жетекші компанияларының бірі «ЗерттеуСК» ЖШС жетістіктерімен оның директоры Евгений Махиня таныстырды.

Біздің өңірде құрылыс саласын дамыту үрдісі оң нәтижелерге ие. Жалпы, соңғы 5 жылда бюджеттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру 3 еседен астам өскен. 2017 жылдан бастап құрылыс жұмыстарының көлемі 66 пайызға артып, 1,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынған. Нәтижесінде 45 мыңға жуық азамат жаңа баспана алған.

Сонымен қатар, білім беру, спорт, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы объектілердің құрылысы жүргізілуде. Өңірді дамытудың 2026 жылға дейінгі Кешенді жоспарына сәйкес 2,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты