
Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат депутаттары Сәуле Сұрағанова мен Ольга Клишина Смирново ауылындағы аудандық ауруханаға барды.
Медициналық мекеме халыққа алғашқы медициналық - санитарлық көмектен бастап мамандандырылған диагностикаға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аурухананың кадрлық қамтамасыз етілуі 96,7% құрайды. Сонымен бірге, мекеме стоматологқа, невропатологқа, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, сондай-ақ орта медициналық персоналға мұқтаж.
Кадр мәселесін шешу үшін аурухана басшылығы жас мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс істейді, олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасайды және тұрғын үй мәселелеріне қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен медицина қызметкерлерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сапар барысында депутаттар медициналық мекеменің жұмысымен танысып, аудандық денсаулық сақтауды дамытудың және кадрлық әлеуетті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.