Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Алдағы сессияға дайындық шеңберінде қарауға жоспарланған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала талқыланды. Облыс әкімдігінің қаржы және экономика басқармаларының басшылары 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы және өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді ұсынды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бейінді басқармаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшылары өз баяндамаларын ұсынды.