Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті 37 сессиясы 2026 жылғы 23 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
- Облыстық бюджеттің 2025 жылғы атқарылуы туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған
даму жоспарын іске асыру туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы шегінде қоршаған орта сапасының 2026-2030 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы жер комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 30/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындыққа жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz