Күн тәртібінде: облыстың бюджеті мен даму жоспарының орындалуы

Күн тәртібінде: облыстың бюджеті мен даму жоспарының орындалуы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуына, сондай-ақ 2021-2025 жылдар кезеңіне арналған Солтүстік Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыруға қатысты мәселелер егжей-тегжейлі қаралуда.

Комиссияның бірінші отырысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басқармалары, оның ішінде білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мәдениет, тілдерді дамыту және архивт ісі басқармасы, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларының баяндамаларын тыңдауға арналды. Бұл баяндамалар облыстың даму жоспарында көзделген мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қатысты көптеген мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда, оларда бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер және қойылған міндеттерді орындау процесінде туындайтын қиындықтар туралы ақпарат ұсынылды.

Әрбір басқарма қойылған міндеттердің орындалуы туралы егжей-тегжейлі есептер берді, бұл комиссия мүшелеріне тиісті салалардағы істердің ағымдағы жай-күйін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Қаржыландыру бағыттарын түзету, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігіне, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мүмкіндігіне байланысты мәселелер талқыланды. Депутаттар барлық мүдделі тараптардың белгіленген мақсаттарға қол жеткізудегі күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті, бұл өз кезегінде өңірдің тұрақты дамуын және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.