
Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко және «AMANAT» партиясы Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Телтаев Прибрежное ауылының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Владимир Степанович сайлаушыларды облыстық мәслихаттың қызметі және атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы хабардар етті. Ауыл тұрғындары оларды толғандыратын бірқатар мәселелерді, соның ішінде кентішілік жолдардың жай-күйіне қатысты мәселелерді айтты. Депутаттар ауыл тұрғындары жүгінген барлық мәселелер бойынша жағдайды нақтылады.