СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс 36 сессиясы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.

Күн тәртібі:

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/2 «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.

Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty

Дайындыққа жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.

Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz