Ауыл әкімдеріне арналған дәріс

Ауыл әкімдеріне арналған дәріс

Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру аясында облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко «Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары» атты дәріс оқып, олардың өңірді басқарудағы рөлін түсіндірді. Владимир Степанович өз сөзін өзі тікелей қатысқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның дайындық жұмысының маңыздылығын атап өтуден бастады. Ол Негізгі Заң қабылданған сәттен бастап және одан кейінгі стратегиялық құжаттарда мемлекеттің құқықтық базасын құру кезінде халықтың қалың жігінің мүдделерін есепке алуға әрқашан басымдық берілгенін атап өтті. Интерактивті дәріс барысында Владимир Степанович ауыл әкімдерінің (төртінші деңгейдегі бюджетті басқарушылардың) назарын тұрғындардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрбір теңгені қатаң және мақсатты пайдалану қажеттілігіне аударды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына басымдық беруді айтты. Кездесу соңында әкімдерді толғандыратын және дереу шешуді талап ететін негізгі мәселелер қозғалды.