Депутаттар тренингке қатысты

Депутаттар тренингке қатысты

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ғимаратында мәслихат депутаттарына арналған жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, өңірлік саясат және есептілікті арттыру мәселелері бойынша оқыту тренингі өтті.

Іс-шараны «Integrity Astana» жеке мекемесі Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырды. Тренинг барысында қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың заманауи тәсілдерін, аумақтық-кеңістіктік даму мәселелерін, азаматтардың қатысу тетіктерін, сондай-ақ бюджет процесін цифрландыру және жергілікті бюджеттердің ашықтығын қамтамасыз ету тақырыптарын талқылады.

Кездесу аясында сарапшылар депутаттардың жұмыс тиімділігін арттыруға және халықпен өзара іс-қимылды дамытуға арналған практикалық құралдарды ұсынды. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылады.