Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі

Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі

Қазақстан Республикасының Сенаты Төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттары, жергілікті тұрғындар, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Барлық кездесулер «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды.

Кездесу барысында Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасының стратегиялық маңызына тоқталып, бұл құжат мемлекеттік институттарды жан-жақты жаңғыртуға және заман талабына сай икемді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға жол ашатынын атап өтті.

Сондай-ақ, реформалар аясында Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің есептілігін арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы іс-қимылды тиімді нығайту мәселелері сөз болды. Мәулен Әшімбаев жаңа Ата Заң еліміздің жаһандық тұрақсыздық жағдайында тұрақты әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін басты тетік екеніне назар аударды.