
Петропавлда Қазақстан Конституциясының жаңа жобасына арналған кездесулер өтті. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Ольга Перепечина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров және Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрғындарға алдағы өзгерістер туралы айтып берді.
Оқушылар сарайында белсенді азаматтармен, мұғалімдермен және жастармен қызу пікірталас өтті. Коалиция мүшелері Конституцияның жаңа жобасының мәнін, оның негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, елдің Негізгі Заңы мен алдағы құқықтық реформаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, жаңа Конституция бойынша сарапшылар «Qyzyljar» креативті орталығының, Петропавл электротехникалық зауытының және «ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР» компаниясының ұжымдарымен кездесті. Бұл кездесулерде алдағы 15 наурыздағы референдумға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға Конституциядағы өзгерістердің неліктен соншалықты маңызды екендігі және олардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететіні егжей-тегжейлі түсіндіріліп, дауыс беруге қатысудың маңыздылығын атап өтті.