Жаңа Конституцияның жобасы облыстық мәслихатта талқыланды

Жаңа Конституцияның жобасы облыстық мәслихатта талқыланды

Облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Кеңеске облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) мүшелері: облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко және облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Тоқшалық баяндама жасады.

Пікір алмасу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сергей Худяков, облыстық мәслихат депутаты Ербахыт Амантайұлы, сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері Павел Афанасьев пен Александр Казанцев өз ұстанымдарын білдірді.

Талқылауға қатысушылар Конституция жобасы туралы өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, ұсынылған өзгерістерді қолдайтындарын айтты.