Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс 33 сессиясы 2026 жылғы 23 қаңтарда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы.
2. «Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы.
4. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/14 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Әртүрлі.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындыққа жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz