Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы

Солтүстік Қазақстан облысы облыстық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары болды. Экономика басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады. Өз сөзінде ол бұл жоспар өз кезегінде Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының негізгі ережелеріне сәйкес келетін төрт негізгі бағыт негізінде құрылғанын атап өтті. Жоспарды іске асыру облыстың одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз етуге арналған. 2026-2030 жылдар кезеңінде орташа жылдық экономикалық өсім кемінде 5,5% болады деп болжануда. 2030 жылға қарай жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2,1 есеге артып, 22 287,1 АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.

Бұдан әрі депутаттар Солтүстік Қазақстан облысын басқару схемасын бекітті. Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру үшін бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару және қаржылық бақылау функциялары қаржы басқармасынан облыс әкімдігінің экономика басқармасына берілді.

Сондай-ақ сессияда өңірдің әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі айқындалып, Облыстың тексеру комиссиясының ережесі бекітілді.

Барлық қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.