
Облыстық мәслихаттың 31-ші сессиясы аясында төрт мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттар төрағалары қатысты.
Сессия Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекітуден басталды. Қаржы басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов егжей-тегжейлі баяндама жасады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Сәуле Сұрағанова өз сөзінде өңірдің алдағы үш жылға арналған бюджеті экономикалық өсуді ынталандыруға және әлеуметтік саланы нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Бұдан әрі қаржы басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың, сондай-ақ Петропавл қаласының бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттердің бөлінуі туралы хабардар етті.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Фархат Ыбыраев 2026 жылы облыстық мәслихат сессияларында талқылауға жоспарланған негізгі мәселелердің тізбесін депутаттардың қарауына ұсынды.
Фархат Қазбекұлы өз баяндамасы аясында облыстық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санын, сондай-ақ оның 2026 жылы жұмыс істеуіне бюджеттік қаржы бөлуді атап өтті.
Сессияның күн тәртібі тұрақты комиссиялар шеңберінде мәселелерді жан-жақты алдын ала талқылау негізінде қалыптастырылды, бұл мәслихаттың тиісті шешімдер қабылдауы үшін негіз болды.