Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында жол инфрақұрылымының жай-күйі мен қозғалыс қауіпсіздігі талқыланды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының СҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің, полиция департаментінің, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ филиалының және Петропавл әкімдігінің өкілдері баяндама жасады.
Қатысушылар жолдардың құрылысы мен сапасы, оларды маусымдық күтіп ұстау, сондай-ақ жол белгілерін, бағдаршамдар мен камераларды орнату мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар уәкілетті органдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және инфрақұрылымды жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар енгізді.