Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен мәслихаттар арасында іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған тренинг өткізілді. Ағымдағы жылы тренингтердің ерекшелігі оларды аудандық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне бағдарлау болды.
Тренингті ҚР ПІБ Парламентаризм институты мен Парламентаризмді дамыту қорының сарапшылары өткізді. Іс-шара Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен, сондай-ақ салалық мамандарды тарта отырып өтті.
Екі күндік тренинг бағдарламасы интерактивті және тәжірибеге бағытталған әдістерді қолдана отырып әзірленді. Оның аясында дәрістер, топтық кейстер және мәслихат сессияларын модельдеу өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы білімді тереңдету, азаматтардың өтініштерін талдаудың практикалық дағдыларын пысықтау, жария есептіліктің қазіргі заманғы құралдарымен танысу, сондай-ақ коммуникациялар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін тиімді басқару саласындағы құзыреттерді қалыптастыру және дамыту болды.