Облыстық мәслихат депутаты Владимир Бубенко Қызылжар ауданы Бескөл ауылында азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары депутатқа өзекті мәселелерді талқылай алды. Владимир Степанович әрбір өтінішті мұқият қарап, мәселелердің мәнін талдап, шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.