Депутаттар экологиялық акцияға қатысты

Депутаттар экологиялық акцияға қатысты

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында біздің облыста көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған ауқымды экологиялық акция өткізілді. Іс-шара Мағжан Жұмабаев атындағы сквердің аумағында өтті, онда 100-ден астам қарағай отырғызылды.

Ағаш отырғызу рәсіміне көптеген қатысушылар жиналды, олардың арасында облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, аға буын өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың белсенділері болды.

Іс-шара барысында өңір басшысы әркімнің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының маңыздылығын және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.