Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

1 қазанда Халықаралық қарттар күнінде облыстық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері аға буынға құрмет пен ризашылықтарын білдірді. 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған бұл күн біздің әкелеріміз бен аналарымыздың, ата-әжелеріміздің, ардагерлер мен зейнеткерлердің баға жетпес еңбегін еске алуға, сондай-ақ олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қайта қарауға тамаша мүмкіндік.

Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко ардагерлерге ел тәуелсіздігінің алғашқы, қиын жылдарындағы қажырлы еңбектерін атап өтіп, жылы құттықтау хаттарын жолдады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары Сәуле Сұрағанова мен Ольга Клишина еңбек ардагерлерімен кездесіп, оларға өз алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді.