Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 29 сессиясы өтті, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оны одан әрі жаңғыртуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселе ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыруды қарастыру болды. Осы мәселе бойынша экономика басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасап, ағымдағы жұмыстың нәтижелерін және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін жоспарланған іс-шараларды ұсынды. Білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары қол жеткізілген нәтижелерді көрсете отырып, жоба шеңберінде ауылдардағы білім беру және спорт объектілерінің дамуы туралы есеп берді.
Бұдан басқа, қаржы басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижановтың 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу туралы ұсынысына ерекше назар аударылды.
Сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы мәселе қаралды.
Облыс әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындауларды ескере отырып, әкімдіктің дербес құрамына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерімен айналысатын ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы облыстың елді мекендерінің аумағында жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеуді регламенттейтін бірлескен қаулы мен шешімге өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді.
Сессияда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Депутаттар тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала талқыланған күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.