Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті 29 сессиясы 2025 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
- Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/3 «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын анықтау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/19 «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымға тағайындау туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 7/11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындауға жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz