Тайынша қаласында Отбасы күні қарсаңында Тайынша аудандық мәслихаты мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы- бақыт мекені» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау болды.
Іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаты, Солтүстік Қазақстан облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ СҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Сәуле Сұрағанова қатысты.
Іс-шара аясында отбасылық жолы елу жылдан асатын ерлі-зайыптылар шақырылды. Жылы және рухани атмосферада қатысушылар-балалар мен немерелерден бастап шөберелерге дейінгі әртүрлі ұрпақтардың өкілдері-құнды естеліктерімен бөлісіп, отбасылық байланыстардың мызғымас күші туралы айтты.
Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов өзінің құттықтауында мықты отбасылардың шешуші рөлін атап өтті. Ол оларды ауданның негізі, тарихи мұраны сақтаушы және өскелең ұрпақ үшін маңызды адамгершілік бағдар деп атады.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов пен аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Бекшенов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.
Іс-шара отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтау мен берудің маңыздылығын атап өтті.