Петропавл қаласында БҰҰ Даму бағдарламасының Стамбул өңірлік хабы өкілдерінің қатысуымен «Орталық Азияда қалалардың апат қаупіне және климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова қатысты.
Семинар барысында апаттар мен климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға бағытталған жобаның негізгі мақсаттары, міндеттері, тәсілдері мен күтілетін нәтижелері ұсынылып, талқыланды.
Алынған тәсілдер Солтүстік Қазақстан облысының даму бағдарламасын әзірлеу барысында ескеріліп, заманауи тәуекелдерді басқару құралдарын енгізуге және өңірдің климаттың өзгеру сын-қатерлеріне төзімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.