Депутаттар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы нысандарымен танысты

Депутаттар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы нысандарымен танысты

Облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында өңірде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралатын болады. Сессияға дайындық аясында облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко және облыстық мәслихаттың халықтың денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ольга Клишина Мағжан Жұмабаев ауданына барды.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауыл халқының өмір сүру сапасын кешенді жақсартуға бағытталған. Бағдарламаның негізгі міндеттері инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, базалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Жұмыс сапары барысында депутаттар «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, Чистовское ауылындағы Интернациональная көшесіндегі нысандар және Лебяжье ауылындағы кентішілік жолдар қаралды.