Президент Жолдауын іске асыру - СҚО үшін басымдық

Президент Жолдауын іске асыру - СҚО үшін басымдық

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті. Басты тақырып Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер  және оны цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған негізгі міндеттерді талқылау және іске асыру болды.

Отырысқа Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қатысты. Бірінші болып облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко сөз сөйледі: «Цифрлық трансформация және жасанды интеллектті енгізу жоғары деңгейлі жобалар үшін емес, әр адамның ыңғайлылығы мен өмір сүру сапасы үшін жұмыс істеуі керек. Бұл әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен және көлікке қатысты. Басты назарда-адами капитал, білім беру бағдарламаларын жаңарту, мамандардың біліктілігін арттыру және жастардың цифрлық дағдыларын дамыту, бұл болашаққа салынған инвестиция. Жеке міндет - қоғамның сенімін нығайту. 2026 жылдан бастап «Ашық мәслихат» жүйесі енгізілуде, ол депутаттардың жұмысын неғұрлым ашық және есепті етеді, азаматтарға шешімдер қабылдауға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Мұнда депутаттық корпустың рөлі маңызды. Біз Президенттің бастамаларын өңірлік деңгейде заңнамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге міндеттіміз. Жобалардың, әсіресе әлеуметтік нысандар, жолдар, инженерлік инфрақұрылым саласындағы іске асырылу сапасын бақылау қажет. Біздің міндетіміз-барлық бағдарламалардың шынайы болуы, ресурстар бойынша есептелуі және тиімділіктің нақты көрсеткіштері болуы. Біз кері байланыс үшін ашық болуымыз керек, шешім қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеруіміз керек».

Бағдарламалық құжатты талқылау соңында облыс әкімі: «Мемлекет басшысы барлық деңгейлерде үйлесімді, жүйелі және жауапты жұмысты талап ететін стратегиялық басымдықтарды айқындады. Солтүстік Қазақстан облысы уақыттың жаңа сын-қатерлері мен міндеттеріне дайын. Өңір ұлттық басымдықтарды іс жүзінде іске асыруға және елдің орнықты, технологиялық дамуына белсенді қатысуға бағытталған»,- деп қорытындылады.