Облыстық мәслихат депутаттары өңірді дамыту бағдарламасын қалыптастыруға арналған іс-шараға белсенді қатысты.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету және Солтүстік Қазақстан ландшафтының экожүйелерін сақтау» жобасы үш негізгі бағытты қамтиды: деректер мен табиғи шектеулерге негізделген кешенді ландшафттық жоспарлау; климатты, экономиканы және демографияны ескеретін орнықты Өңірлік даму бағдарламасын әзірлеу; қосылған құнның «жасыл» тізбектерін, бизнес-модельдер мен механизмдерді талдауды қамтитын инвестициялық жоспар қаржыландыруды тарту.
Семинар-тренинг аясында депутаттар басқа қатысушылармен бірге өңірдің дамуы туралы өз көзқарастарын ұсынды. Олар экономикалық өсуге, әлеуметтік әділеттілікке және экологиялық тұрақтылыққа назар аудара отырып, функционалды-кеңістіктік аймақтарға бөлу әдіснамасына сүйенді.