Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Облыстық мәслихаттың жиырма сегізінші кезектен тыс сессиясына Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер бекітілді. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуге, ағымдағы құрылыс жобаларын аяқтауға және халықтың мұқтаждықтары үшін қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталған қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар ұсынды.

Сонымен қатар, сессияда жаңа кадрлық тағайындауларға байланысты бірқатар комиссиялардың дербес құрамы жаңартылды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешімге өзгерістер енгізілді.

Барлық мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланды. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.