Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс 28 сессиясы 2025 жылғы 15 тамызда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
- «Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/6 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/7 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24/2 «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындауға жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz