Өңірдің білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылына дайындығы мәселелері жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің төрағалығымен өтті.
Іс-шараға облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова, облыстық білім басқармасының өкілдері, Петропавл қаласы мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ мектеп директорлары қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы оқушыларға сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасау болды.