Мамлютка қаласында № 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сәуле Сұрағанованың азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Кездесу аудандық аурухана базасында өтті. Қабылдау барысында аудандағы денсаулық сақтау жағдайы талқыланып, медицина қызметкерлері депутатқа жеке сұрақтарымен жүгінді.