2025 жылғы 16 шілдеде «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдауында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
В. С. Бубенко азаматтарды жеке қабылдады.
Өтініш білдіргендердің бірі Бескөл ауылының тұрғыны медицина қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қатысты мәселені көтерді. Кездесуге Денсаулық сақтау басқармасы мен отбасы банкінің өкілдері қатысып, өтініш берушіге осы мәселе және шешу жолдары туралы түсініктеме берді.
Мұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады - бұл тұрғындардың тікелей сұрақтар қоюына және күрделі мәселелерді шешуге көмек алуға мүмкіндік береді.