Мемлекеттік қызмет биліктің әртүрлі тармақтары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару құрылымындағы негізгі механизм болып табылады. Бұл институт мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тиімді қызметі мемлекеттілікті нығайтуға және ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін негізгі фактор болуға тиіс екенін үнемі атап өтеді.
Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Владимир Бубенко мәслихат аппаратының қызметкерлерін құттықтап, күнделікті қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді. Ол мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тек білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жоғары жауапкершілікті, адалдықты және қоғамның игілігі үшін жанқиярлыққа дайындықты талап ететінін атап өтті. Көпжылдық қызметі жас мамандарға үлгі болатын және шабыт беретін аппарат ардагерлеріне ерекше назар аударылды.