Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс 26 сессиясы 2025 жылғы 13 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
- «Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 41/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 6 қарашадағы № 49/6 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес кұрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24/2 «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындауға жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz