СҚО әкімі Ольга Ростовщиковамен кездесті

СҚО әкімі Ольга Ростовщиковамен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов есту қабілеті шектеулі бишілердің бірегей «Sensitive» театрының жетекшісі Ольга Ростовщиковамен кездесті. Кездесудің себебі ерекше: ұжым Қытайда өткен халықаралық фестивальден зор табыспен оралды — олар бірден үш Гран-при жүлдесін жеңіп алды! Айта кетерлігі, «Sensitive» — Қазақстанның атынан қатысқан жалғыз ұжым болды!  Бұл тек жеңіс емес — бұл рух күшінің, күн сайын кедергілерді жеңіп, өзгелерге үлгі бола білген жандардың тарихы.

"Ольга Николаевнамен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселесін талқыладық. Оның ұжымы жасап жатқан іс — баға жетпес еңбек,  жетістігіне шын жүректен тәнтімін. Олар тек би үйретіп қана қоймай, балаларға жаңа әлемнің есігін ашып, өздеріне деген сенімін ұялатады, таланттарын ашып, қоғамдағы шектеулерді бұзады. «Sensitive» театрына алғысым шексіз. Сіздер өнердің шекарасы жоқ екенін, ал сенім мен табандылықтың нағыз ғажайыптарға жол ашатынын дәлелдедіңіздер", - деп жазды өңір басшысы.