"Sensitive" бишілер театры қытайлық көрермендерді тәнті қылды

"Sensitive"  бишілер театры қытайлық көрермендерді тәнті қылды

Солтүстікқазақстандық "Sensitive" құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда триумф жасады! Ұжым өз тарихында алғаш рет бірден үш Гран-при жеңіп алып, үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр.

"Бұл — зор жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен сарқылмас шабыт тілеймін!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ерекше мақтаныш — Sensitive Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.