Кызылжар ауданының Петропавл су қоймасынан төмен орналасқан Ольшанка, Большая Малышка, Вагулино, Барневка және Соколовка ауылдарында қазір тасқынның үшінші толқыны өтуде.
Қазір Большая Малышка ауылындағы қорғағыс бөгеті нығайтылуда, оның барысын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді. Үйлергді су басуға жол берілген жоқ, эвакуация жасалды. Іс-шараларға барлығы 500 адам мен 67 техника бірлігі жұмылдырылған. Бекіту жұмыстары Ольшанка, Вагулино және Соколовка ауылдарында да жүргізілуде.
Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасқын салдарын барынша азайту үшін шаралар қабылдауда.