СҚО әкімі Тепличное бөгетін нығайту жұмыстарын тәулік бойы бақылауда

СҚО әкімі Тепличное бөгетін нығайту жұмыстарын тәулік бойы бақылауда

"Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке  бақылауымда. Кеше 30 мың қадам жүріп өттім, бүгін де осынша қашықтықты еңсердім", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде. 

Бөгетте қажетті техника бар, шатырлар тігілген, тамақтану ұйымдастырылған. Жұмысқа 1,6 мыңға дейін адам тартылған — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және құтқарушылар. 

Аудандар да көмек көрсетуде. Көршілес өңірлерден құтқарушылар да келді. 90 мың қап төселді. Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлер де тартылуда. Облыс әкімі халықпен кездесіп, барлық қиындықтарға қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. 

"Басты міндет — елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіп жойылғанға дейін жұмысты жалғастыра береміз, - деді облыс әкімі.