Жас көмекші: Бала квадроциклмен бөгетті нығайтуға қаптарды тасуда

Жас көмекші: Бала квадроциклмен бөгетті нығайтуға қаптарды тасуда

Туған ауылына деген жанашырлық пен бірліктің жарқын үлгісін Тепличное ауылының тұрғындары — Руслан мен Динара Мырзабайдың отбасы көрсетуде. Олар ауыл маңындағы бөгетті нығайту жұмыстарына белсене қатысуда. 

Олардың ұлы Дастан да өз үлесін қосуда: ол квадроциклмен бөгетті бекіту үшін қажет қаптарды тасып, үлкендерге көмектесуде. Басқаларға нағыз үлгі!