Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов парабиатлоннан әлем чемпионы және Хрусталь глобусының иегері Ербол Хамитовпен жүздесті. Кездесуде параспорттың өңіріміздегі болашағы, жас спортшыларды қолдау және Ерболдың кәсіби мансаптағы алдағы жоспарлары әңгіме арқауына айналды.
"Ербол – жай ғана чемпион емес. Оның өмір жолы – рухтың, ерік-жігер мен табандылықтың жарқын үлгісі. Ол мыңдаған адамға шабыт беріп, адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеді. Біз бұдан әрі де спортшыларымызды қолдап, бұқаралық және балалар спортын дамытуға, сондай-ақ өңіріміздің спорттық инфрақұрылымын жетілдіруге күш саламыз",- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.