СҚО әкімі Заречный кентінің тұрғындарына арналған екі көпқабатты үйдің құрылысын тексерді

СҚО әкімі Заречный кентінің тұрғындарына арналған екі көпқабатты үйдің құрылысын тексерді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді. Биыл өңірде 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Қазір Петропавлда 1,9 мың пәтерлік 17 үй салынуда. 

 

"Нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен тұрғызылуда. Мәселен, «Жас Өркен» шағын ауданында және Уәлиханов көшесінде Заречный тұрғындары үшін 90 және 72 пәтерлік үйлер салынып жатыр. Бұл кент өзеннің жайылмасында орналасқан және жыл сайын су тасқыны қаупі жоғары аймақта болады. Жаңа тұрғын үйлер адамдарға қауіпсіздік пен жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді",- деп атап өтті өңір басшысы. 

Сонымен қатар, біз инвестицияларды белсенді тартып, коммерциялық құрылыс бағытында жұмыс жүргізудеміз. Петропавлда жеке құрылыс салушылар 10 көпқабатты тұрғын үй кешенін салып жатыр. Бұл үйлер заманауи стандарттарға сай келіп, «ақылды үй» (электронды құлыптар, Face ID, түтін және су ағуын  ескерту) технологияларын енгізуде, осылайша өңірдегі тұрғын үй құрылысына жаңа серпін беруде.

 

Әлеуметтік нысандардың құрылысы да жалғасуда, бұл біздің басты басымдықтардың бірі. Қазір «Жас Өркен» шағын ауданында мұз сарайы салынуда. Жаңа кешенде мұз аренасы, бассейн, мини-футбол залы және жаттығу аймағы болады. Облыс орталығының тұрғындары мен спортшылары бұл кешеннің ашылуын асыға күтуде. Мұз сарайы қаламызда бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қоспақ.