Жеңістің 80 жылдығына СҚО ардагерлері 5 млн теңге алады

Жеңістің 80 жылдығына СҚО ардагерлері 5 млн теңге алады

Облыста бүгінде 3 соғыс ардагері, 2396 тыл ардагері, қайтыс болған ардагерлердің 97 әйелі,  Ленинград блокадасында болған 5 адам, концлагердің 9 тұтқыны тұрады.

Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 млн.тг, тыл ардагерлері мен қайтыс болған ардагерлердің жұбайларына – 50 000 тг, Ленинград блокадасында жұмыс істегендерге – 60 000 тг, концлагерь тұтқындарына – 100 000 тг мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

Сонымен қатар, оларға жыл бойы санаторий-курорттық емделуге,  тіс протездеуге және коммуналдық төлемдерге қаражат бөлінеді.