СҚО-да 1,1 мың км жол жөнделеді

СҚО-да 1,1 мың км жол жөнделеді

Биыл облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың км жол жөнделеді. Атап айтқанда,  467 км республикалық желі, 700 км жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 км ішкі жолдар қамтылады.

102 жоба жүзеге асады, оның 35-і өтпелі жобалар. Келесі маңызды жолдарға жөндеу жүргізіледі:

 

▪️Покровка-Петропавл

▪️Кайранкөл-Благовещенка

▪️Дәуіт-Кішкенекөл

▪️Меңкесер-Раздольное

▪️Горьковское-Восходское

▪️Кішкенекөл-Қаратерек

▪️Смирново-Киялы

▪️Покровка-Ильинка

▪️Смирново-Токуши

▪️Повозочное-Баян

▪️Ялты-Шакпак

 

Бұл жұмыстар жол сапасын айтарлықтай жақсартуға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.