Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңа жылымыздың бастамасы, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі, біздің халқымыз үшін жаңарудың, қайта өркендеудің белгісі. Бүгінде Наурыз шын мәнінде халықтық мейрамға айналды.
Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда Наурыздың ерекше мәні мен маңызын айрықша атап өтті. Биыл да ұлттық мереке жаңаша форматта аталып өтілді. Наурызнама онкүндігі аясында көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, олар халқымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетін және болмысын сақтауға бағытталды.
Наурыз — бұл тек көктем мерекесі ғана емес, сонымен қатар ел бірлігі мен ынтымақтастығының, еліміздің жаңаруы мен ортақ құндылықтарымызды нығайтудың нышаны. Жаңа жылымыз сіздерге тек жақсылық пен игілік әкелсін. Әрбір отбасыға береке мен бақ-дәулет, қуаныш пен тыныштық тілеймін. Облысымыз бен еліміз одан әрі дамып, гүлдене берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!