СҚО-да Көрісу күні аталып өтілді

СҚО-да Көрісу күні аталып өтілді

Соңғы жылдары Наурыз мейрамы Президенттің бастамасымен жаңаша форматта аталып өтілуде. Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті. Амал мерекесі аясында жыл басы – «Көрісу күні» біздің өңірде де кеңінен аталып өтілді. 

Наурызнама аясында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына барып, ақсақалдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесіп, мейраммен құттықтады.

"Көрісу күні – бұл біздің салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді, сондай-ақ тарихымызды қадірлеудің белгісі. Өңіріміздің барлық этностары ұлттық құндылықтарды насихаттауға, бірлік пен татулықты нығайтуға зор үлес қосуда, қатты тасқын кезінде барынша қолдау мен көмек көрсетті, сол үшін әрқайсысына алғысымды білдірдім", - деп жазды облыс әкімі. 

Наурызнама он күн бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында өңірімізде Наурыз мейрамын ұлықтайтын,  ұлттық болмыс, руханият, мәдениет және салт-дәстүрлерді дәріптейтін 700 аса іс-шаралар өтетін болады.

"Көрісу күні әрбір отбасыға амандық, береке мен молшылық әкелсін. Елімізде әрқашан ынтымақ пен бірлік орнығып, ұрпақтар арасындағы рухани байланыс нығайсын. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні тек жақсылық пен құт-береке сыйласын!", - деп құттықтады СҚО әкімі.