Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Баршаңызға Амал мерекесі құтты болсын! Бұл күн – тек көрісу мен амандасу ғана емес, халқымыздың ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрі, бауырмалдық пен ынтымақтың айқын көрінісі. Амал – өткенге салауат айтып, жаңа күнге ақ тілек білдіретін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін қасиетті мейрам.
Бұл күнде ағайын-туыс бір-бірімен көрісіп, қол алысып, жастар үлкендерден батасын алады. Аталарымыздан мирас болған осы игі дәстүр ел ішінде ынтымақ пен татулықты нығайтып, ұлттық рухымызды асқақтата түседі.
Ұлыстың ұлы мейрамына бастайтын бұл ерекше күн баршаңызға амандық, қуаныш, молшылық әкелсін! Отбасыңызға береке, ырыс-несібе тілеймін. Көктеммен бірге жақсы жаңалықтар мен табысты күндер келсін!