Премьер-Министр СҚО-да жұмыс сапарымен болды

Премьер-Министр СҚО-да жұмыс сапарымен болды

Бүгін облысқа ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс бабымен келді. Сапар барысында Үкімет басшысы Сергеев су торабында болып, тасқынға қарсы іс-шараларға дайындықты, техника мен материалдардың қажетті деңгейде болуын тексерді. Сондай-ақ Петропавлда бірінші көтергіш насос станциясының жаңғыртылуымен танысты.

Насос станциясы Есіл өзенінің су деңгейінің шектік деңгейге көтерілу қауіптерін ескере отырып жобаланған. Еуропалық насос қондырғылары су басқан жағдайда да жұмыс істей алады. Қашықтан басқару мүмкіндігі де қарастырылған. Станцияның суға кетуден қорғау үшін 4,5 метр болатын бөгет күшейтіліп, габионды конструкциялар қолданылған. Бұл технология тиімді болып табылады, өңірде алғаш рет қолданылып отыр. Сонымен қатар, станцияның тұрақты электрмен қамтамасыз етілуі үшін жер асты кабелі жүргізілген.

Бұдан басқа, қала айналма жолын қайта құру және Есіл өзені арқылы көпірді салу жоспарланған. Петропавл су торабының жанынан айналма арна салынуда, бұл қаладағы шағын аудандарды су басу қаупін төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ Премьер-Министрге жасанды интеллект элементтері бар технологиялық мүмкіндіктер ұсынылды. Мысалы, «Біртұтас дрондар инфрақұрылымы» жобасы. Биылдан бастап бұл жүйе СҚО-дағы тасқын жағдайын бақылауда қолданылып, кейін қауіп бар басқа да өңірлерде де кеңейтілмек. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қызметтердің іс-әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында өңірлердің тасқынға дайындығы мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Үкімет басшысы елді мекендерге дайындық деңгейін тексеруді, өңірлік комиссиялар құруды және әрбір елді мекенді аралап, қауіп-қатерлерді зерттеп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Сапар барысында Премьер-Министр бизнес қауымдастығымен кездесу өткізіп, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады, салық-бюджет реформасына қатысты сұрақтар бойынша кең ауқымды пікірталас болды, кездесу конструктивті диалог форматында өтіп, сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.