Солтүстікқазақстандық спортшылар жанкүйерлерді қысқы спорт түрлеріндегі жетістіктерімен қуантуда.
Параатлет Ербол Хамитов Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ерлер арасындағы спринтте үшінші орын иеленді. Оған қоса, Ербол Әлем кубогының қола жүлдегері және парашаңғы жарысынан әлем чемпионы. Бұл жеңістер – оның тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің жемісі. Ербол - батылдық мен жігердің үлгісі.
Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру шебері Надежда Морозова жақсы нәтиже көрсетті. Ол командалық спринтте қола жүлдеге ие болды. Надежда – атақты спортшы, төрт құрлық чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
«Жеңімпаз спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймын! Оларға әлемдік аренада жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін», - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.