
Петропавл Жаңа жылды мереке мен сиқыр атмосферасында қарсы алуда. Бүгін қаладағы басты алаңда басты жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті! Мерекелік шараны облыс және қала басшылығы, тұрғындар мен қонақтар тамашалады.
Кеш жарқын мерекелік бағдарлама мен көңілді атмосферада басталып, жағымды эмоция сыйлаған әдемі салютпен аяқталды.